Kaspersky Security Center қалыптастырған автономды пакеттерді іске қосу

Желілік агент пен қолданбаларды бастапқы орналастырудың жоғарыда сипатталған тәсілдері барлық қажетті шарттарды орындай алмағандықтан, жүзеге аса бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, Kaspersky Security Center құралдарымен орнатудың қажетті параметрлері бар әкімші дайындаған орнату пакеттерінен жеке орнату пакеті деп аталатын бірыңғай орындалатын файл жасауға болады. Мұның мәні болса (Веб-серверге құрылғы пайдаланушылары үшін сырттан қатынасу конфигурацияланған), жеке орнату пакеті ішкі Веб-серверде (Kaspersky Security Center құрамына кіретін), сондай-ақ Kaspersky Security Center Web Console құрамына кіретін арнайы орналастырылған Веб-серверде жариялануы мүмкін. Автономды пакеттерді басқа Веб-серверге де көшіруге болады.

Kaspersky Security Center бағдарламасының көмегімен, таңдалған пайдаланушыларға қолданылып жатқан Веб-сервердегі автономды пакет файлына сілтемені электрондық пошта арқылы (интерактивті түрде немесе "тыныш" орнату "-s" кілтімен) файлды іске қосу туралы өтінішпен бірге таратуға болады. Жеке орнату пакетін, Веб-серверге қатынаса алмайтын құрылғыларды пайдаланушылар үшін электрондық пошта хабаррына тіркеуге болады. Сонымен қатар, әкімші автономды пакетті сыртқы құрылғыға көшіре алады және пакетті кейіннен іске қосу мақсатымен қажетті құрылғыға жеткізе алады.

Автономды пакетті Желілік агент пакетінен, басқа қолданба пакетінен (мысалы, қауіпсіздік бағдарламасынан) немесе бірден екі пакеттен де жасауға болады. Егер автономды пакет Желілік агент пен басқа қолданбадан жасалса, онда орнату Желілік агенттен басталады.

Желілік агентпен автономды пакетті жасау кезінде, Желілік агентті орнату аяқталғаннан кейін жаңа құрылғылар (бұрын басқару топтарында орналастырылмаған) автоматты түрде көшірілетін басқару тобын көрсетуге болады.

Автономды пакеттер интерактивті түрде (әдепкі бойынша), оларға кіретін қолданбаларды орнату нәтижесін көрсете отырып немесе "тыныш" режимде ("-s" кілтімен іске қосылғанда) жұмыс істей алады. "Тыныш" режимді кез келген скрипттерден орнату үшін пайдалануға болады (мысалы, операциялық жүйенің кескінін орналастыру аяқталғаннан кейін іске қосылатын скрипттерден және т.с.с.). "Тыныш" режимде орнату нәтижесі процесті қайтару кодымен анықталады.

Басына оралу